Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 252 адамға жетті

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 252 адамға жетті.

Алматы, NEGE. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 31 адам із-түзсіз жоғалған, кемінде 377 адам жарақат алды. 

Индонезияда 21 қараша күні магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болды. Қаза тапқандардың көпшілігі Батыс Ява провинциясындағы Чианжур ауданының тұрғындары.

Сонымен қатар, тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар мен бірнеше әкімшілік ғимарат қирады. 

Қаза болғандардың көпшілігі балалар, өйткені олар жер сілкінісі кезінде мектептер мен интернаттарда болған.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті