Индонезиядағы аралда жанартау атқылады

Индонезияның Халмахера аралында жанартау оянды, деп хабарлайды «Хабар-24».

Хабар-24

Алматы, NEGE. Осыған байланысты билік төтенше жағдай жариялап, 7 ауылдың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген.

Жергілікті Вулканология агенттігі жанартаудан атқылаған күлдің биіктігі 4 шақырымға жеткенін айтады.

Билік жанартаудың айналасындағы 7 шақырым аумақта адамдар мен жануарлар болмау керек деген талап қойды. Жалпы Индонезияда 127 белсенді жанартау бар.