Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 310-ға жетті

Индонезияда жер сілкінісінен мерт болғандардың саны 310-ға жетті.

Алматы, NEGE. Құтқарушылар жоғалған адамдардың денелерін тапқан сайын бұл сан өсіп жатыр. Бұған дейін табиғи апат 271 адамның өмірін қиды деп хабарланған болатынбыз. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ. Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде әлі 24 адам бар. Зілзала Батыс Ява провинциясының Чианджур қаласында болоды. Жер асты дүмпулері кезінде екі мыңнан астам ғимараттың тас-талқаны шыққан. 13 мың тұрғын эвакуацияланды. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті