8 июля 2022 г. 12:20

Индияның киносын көрмей-ақ қойыңыз: Абаев ақ жаулықты әжеге шүйліге жауап берді (видео)

Фото:

Желіде Абаевтың аңдамай сөйлеп отырған тағы бір видеосы дау туғызды. 

Алматы, NEGE. Онда Абаевтан жергілікті телеарналардағы бассыздықтарды тоқтату туралы өтінішпен шыққан ақ жаулықты әжейдің сауалы себеп болған. 

Желі қолданушыларының жазуынша, бұл диалог Түркістан қаласындағы кездесудің бірінде болуы мүмкін. 

Абаев сұрақ қойған анаға: «Ұнамаса Индияның киносын көрмей-ақ қойыңыз. Қолыңызда пульт қой, басқа каналға ауыстыра салмайсыз ба?», - деген сарында жауап береді. 

Тегтер: