Индира Еділбаева Украинаны тағы да таңғалдырды

Индира Еділбаева «Украина дауысы» байқауының келесі кезеңіне сүрінбей өтті.

Алматы, NEGE. Қазақстандық әнші әділқазы алқаларын таңғалдырып келеді. Күні кеше Индира музыкалық сайыстың кезекті кезеңінде топ жарды. Ол италиялық Эрос Рамазоттидің «Cose della vita»әнін орындады. Қазақ қызының өнеріне қазылар алқасынан бөлек, залдағы көрермендер де тәнті болған. Олар Еділбаева ән салғанда ризашылығын білдіріп, биге басқан. Танымал әншілерден құралған қазылар болса Отандасымызға оң бағасын беріп, жеңіске лайық екенін жеткізген. Ал әнші Потап болашақта Индираның жанкүйерлерінің бірі болатынын айтқан. Настя Каменских пен Монатик те Еділбаеваның өнерін жоғары бағалады. Қазақстандық өнерпаздың жобадағы жетекшісі Дан Балан да ризашылығын білдірді. Ендеше, еліміздің намысын ән додада қорғап жүрген отандасымызға жеңіс тілейміз!

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды