Индиан-Уэллс: Рыбакина жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Алматы, NEGE. Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге ширек финалда чехиялықтар Мария Боузкова – Люция Градецкаямен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп 1:6, 6:1, 10:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина мен Кудерметова 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 4 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Е.Рыбакина мен В.Кудерметова финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады. Олар ширек финалда жарыстың бірінші ракеткалары, чехиялық Катерина Синякова – Барбора Крейчикованы 2:6, 6:4, 10:8 есебімен ұтып кетті.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды