Индиан-Уэллс: Елена Рыбакина финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен кездесті.

Жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған осы жарыстың екінші айналымында швейцариялық спортшы тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны тартысты ойында жеңіп кеткен болатын.

Ю.Путинцеваның кеткен есесін Е.Рыбакина қайтарды. Ол сағат жарымдай уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:6 (7:5), 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Елена 5 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. В.Голубич 2 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жаза алды. Е.Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен таласады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды