Індеттің беті қайтар емес
Үндістанда коронавирус індетін жұқтырғандар рекордтық көрсеткішке жетті.
Алматы, NEGE. Үндістан астанасында коронавирусты жұқтыру бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Соңғы бір тәулікте Нью-Дели қаласында 7 мыңдай науқас анықталды. Алдағы күндері ұлттық мейрам атап өтілетіндіктен, үкімет ел тұрғындарын қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырып отыр. Сондай-ақ мерекелік шараларда отшашулар атуға тыйым салынды. Жалпы соңғы бір күнде бүкіл ел аумағында коронавирусты жұқтырған 50 мыңдай адам анықталды. Прити Балони, Нью-Дели қаласының тұрғыны: – Халық санитарлық ережелерге немқұрайлы қарағандықтан, коронавирус жұқтыру саны өсіп келеді. Базарларда адам қаптап жүр. Көбі маска тақпаған.