Індет тоқтамайды: вирус әлем халқының үштен екісіне жұғады

Бұған дейін әліптің артын бағып келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жер шары тұрғындарының үштен екісіне жұғуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Жаңа типтегі коронавирус жұқтырғандар саны күн өткен сайын еселеп өсуде. Қытайда бір тәулік ішінде ауру жұқтырған жаңа 4 мыңға жуық науқас тіркелген. ДДСҰ-ның өкілі, эпидемиолог Айра Лонджини Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Қытайдағы жаңа вирусты жұқтырған адамнан ол орташа екі-үш адамға тарайтынын айтқан. Жедел анықтаушы тестердің жоқтығынан ауырған адамды ертерек анықтау қиынға соғуда. Сондықтан науқастарды оқшаулау мен карантин коронавирусты тоқтата алмайтыны туралы пікір білдірген. Оның сөзінше, Қытайда қабылданып жатқан шаралар әлем елдеріне індетпен күреске дайындалуға уақыт беретін көрінеді.

Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық комиссиясының 14-ақпанда берген мәліметіне қарағанда, қазір жалпы 63 мың 851 науқас тіркелген, оның  63 мың 294-і елдің өзінде. Аурудан өлгендер саны 1 383 адамға жеткен.

Қазір оқып жатыр

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды

Атырауда Наурыз мерекесі кезінде 78 бала жоғалып кетті

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген