Індет кезінде онкологиялық науқастардың ем қабылдауы үзілген жоқ

Коронавирус пандемиясы жарияланғалы бері ШҚО Онкология және хирургия орталығының жұмыс режимі өзгерген.

Алматы, NEGE. Онкологиялық дерттерге шалдыққандар арасында үздіксіз ем-дом қабылдайтындар бар болғандықтан бірден жаңаша форматқа ауысу оңай болмағаны анық. Алайда нақты жоспар құрып, жүйелі жұмыс істеген медициналық мекеме мамандары бар қиындықты оңай еңсерді. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне орталық директоры Гүлмира Сағидуллина айтып берді. «Жаһанға жайылған жұқпалы дерт елімізге жеткенде бірден тиісті шараларды қабылдадық. Ең әуелі қатаң карантин жариялап, орталыққа бөгде адамдарға кіруге тыйым салынды. Осында жатқан науқастардың туған-туыстары мен жақындарына келуге рұқсат берілмей, алып келген заттары дезинфекцияланды. Біздің негізі мақсатымыз – онкологиялық ауруларға душар болғандардың кешенді ем қабылдауын тоқтатпау болды. Мысалы, пациентке бірінші ота жасалып, сосын химия, сәуле терапиясы мен оңалту шаралары жүргізілуі мүмкін. Осының бәрі үзіліссіз жасалғаны дұрыс», - дейді Гүлмира Сағидуллина.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді