Індет: 3 916 адам емделіп жатыр

17 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы.

Алматы, NEGE. Олардың арасында 35 сәби бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. «Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға маңызды хабарландыру жасады

Ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленеді

Әкім Алматыдағы «брусчатка дауының» мән-жайын түсіндірді

Депутаттар өз еңбегін қалай бағалайды?