Индерде киік аулағандар ұсталды (видео)

Атырау облысы аумағында өтіп жатқан 'Қыстақ' жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде индерлік қызметкерлер Индербор кентіне кіреберіс тасжолда УАЗ автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Полиция.

Алматы, NEGE. Тінту барысында киіктің 4 мүйізін, оның бұтарланған етін және аңшы қаруын тәркілеген.

Аталған фактіге қатысты 1974 ж.т., 1972 ж.т. күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.