Индер ауданындағы қауіпті аймақтарда ахуал тұрақты

19 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Индер ауданында қауіпті аумақ болып саналатын Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке жетті.

Жедел штаб

Алматы, NEGE. Алайда, бөгеттердің жарылып, су кету деректері тіркелмеді.

Дегенмен, қауіпті аймақта тұрған аталған ауылдарда әскери қызметкерлер мен ТЖД мамандарын қоса алғанда, 186 адам жағалауда қауіпсіздікті бақылауда. Сонымен қатар 5 ауыр техника жұмылдырылды.

Айта кетелік, Жарсуатта 6,9 шақырым, Құрылыс ауылында 5,6 шақырым бөгет соғылды.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім