Инчхон әуежайында қашып кеткен екінші қазақстандық полицияға өз еркімен барды

24 наурызда екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өтті. Олардың бірін жергілікті полицейлер ұстады, екіншісін ұстағандарға 10 миллион теңге сыйақы жарияланған болатын.

Алматы, NEGE. Кореяның Инчхон әуежайында қашып кеткен екінші қазақстандық полицияға өз еркімен барды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде болған Қазақстанның екінші азаматы корей полициясына өз еркімен берілді. Қазақстан Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр және отандастарымызға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсететін болады, - деп атап өтті Айбек Смадияров.