И.Масктың желідегі жазбасы Tesla акцияларын құлдыратып жіберді 

Танымал америкалық кәсіпкер Илон Масктың твиттердегі жазбасы Tesla акцияларының құлдырауына әкеп соқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ол әлеуметтік желіде өзі басшылық ететін осы компанияның акцияларын тым қымбат санайтынын жазған. Бұл бірден биржадағы жағдайға әсер етті. Сөйтіп, Tesla акциялары шамамен 10 процентке арзандады. Ең қызығы - осыдан бірер күн бұрын компания осы жылдың алғашқы тоқсанын сәтті аяқтағанын жария еткен еді. Жалпы екі жыл бұрын Илон Маск твиттерде компанияға қатысты жазба жариялағанда, Tesla акциялары қымбаттап кеткен. Алайда кәсіпкердің бұл хабарламасы айла-шарғыға бағаланып, оған 20 миллион доллар айыппұл салынған. Одан бөлек, Илон Маск компанияның директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен 3 жылға босатылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?