Иманғали Тасмағамбетовтың анасы өмірден озды

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың анасы өмірден озды. Бұл жөнінде Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің ресми сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. «Ресейдегі Қазақстан елшілігінің барлық қызметкерлері Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке анасы Ділдә Қоқанованың дүниеден озуына байланысты, қайғырып көңіл айтады. Қазақстанның танымал ұстазы, жазушысы Ділдә Матайқызы отбасы құндылықтарын адал сақтауға, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл аударуға үлкен үлес қосты. Біздің жадымызда Ділдә Матайқызы салиқалы да мәдениетті, ақжарқын әрі жандүниесі таза жан ретінде мәңгі қалады», делінген елшілік сайтында.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты