Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке кірісті

1 қаңтардан бастап Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына кірісті.

Алматы, NEGE. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ-ның жоғары органы саналады. Оның құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей президенттері кіреді.  

2020 жылдың 1 қаңтарынан бұл қызметті Беларусь елінің өкілі генерал-лейтенант Станислав Васильевич Зась атқарып келді.