Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қорғаныс министрімен кездесті

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі, генерал Сергей Шойгумен кездесті.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Шойгу мен Тасмағамбетов ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамыту, сондай-ақ оның күш әлеуетін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісті. ҰҚШҰ Бас хатшысы үш жылға тағайындалады. Тасмағамбетовке дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін Станислав Зась атқарды. ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.