15 сентября 2023 г. 14:44
Иманғали Тасмағамбетов Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті
14 қыркүйекте ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі өтті, деп хабарлады ҰҚШҰ-ның ресми сайты.
Алматы, NEGE. Кездесу барысында Ұйымның жауапкершілік саласындағы ахуалы, сондай-ақ ҰҚШҰ жарғылық органдарының алдағы отырыстарына дайындық мәселелері талқыланды.