Иманбек Зейкенов жаңа композициясын таныстырды

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық әнші Salem Ilese-мен бірігіп жазған жаңа композицияны көпшілікке таныстырды. Бұл туралы музыканттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында ақпарат таратты.

Алматы, NEGE. Жаңа туындының атауы – «Married to your melody». Тректі бүкіл музыкалық алаңдардан тыңдауға болады.

Жуықта ғана Иманбек АҚШ пен Еуропада жеке тур өткізетінін мәлімдеген болатын.

Ол тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт беру жоспарланып отыр. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды