Иманбек Зейкенов Грэмми сыйлығын жеңіп алды

Халықаралық жүлдені жиырма жастағы жігіт америкалық рэпердің «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін алды.

Алматы, NEGE. Оның бұл туындысы YouTube-те 1 миллион рет қаралып, Billboard Hot 100 ретингісінің үздік бестігіне кірген. Ал өткен мамыр айында британдық хит-парадта көш бастады.

Осылайша америкалық рэпердің ремиксі ең танымал ондық композицияның ішіне кірді. Осы жетістіктен кейін Иманбек Зейкенов ресейлік дыбысжазу компаниясымен келісімге отырды.

Айта кетейік, Грэмми сыйлығының 63-і марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте онлайн өтті. Беделді музыкалық сайыста қазақстандық үш қарсыласын басып озды. Қазақстан тарихында бұған дейін мұндай сыйлыққа ешкім ие болған емес.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?