Иманбек облыс әкімінің сыйын қайырымдылыққа жұмсамақ

«Грэмми» премиясының лауреаты Иманбек Зейкенов Ақсуға оралып, жастармен кездесті. Кездесу барысында ол өзі туралы айтып, Мәскеуге барғанда алған әсері және жоспарлары туралы айтты.

Алматы, NEGE. Диджейді облыс әкімі, мәдениет министрі құттықтап, оны Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдоллаұлы қарсы алды. 

Облыс әкімінің атынан диджейге заманауи техника алуына және «премия алғаны үшін көрімдік» ретінде 2 миллион теңге берілген. Ал Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетов шапан жапты. 

«Менде заманға сай техника бар, сондықтан ол ақшаны қайырымдылыққа бергім келеді. Мен ешқайда көшпеймін. Күнде қалаға барып тұрамын. Болашақта музыка саласындамын. Теміржолдан бір жыл бұрын кеткенмін. Әрі қарай музыкамен айналысамын. Жастар бәрі жемқорлық көп, көтерілу мүмкін емес деп ойлайды. Олай емес. Менің келесі редизім Шон Полмен болады», – дейді Иманбек.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?