Иманбек MTV Ресей бойынша жыл музыканты атанды

MTV Ресей телеарнасы 2021 жылғы музыканттар тізімін жариялады. Үздік ондыққа "Грэмми" сыйлығының алғашқы иегері атанған қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов те енді.

Алматы, NEGE. MTV Russia жыл музыканттарының тізімін Instagram парақшасында жариялады. 2021 жылғы топ-10 музыкантқа қазақстандықпен бірге Мари Краймбери, Слава Марлоу, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu және Анет Сай кірді.

"Жыл бойы тыңдалған әуендер! "Жыл музыканты" марапаты индустрияға елеулі үлес қосқан талантты орындаушылардың жетістіктеріне арналған. Олар - жоғары сапалы музыка, өзіндік ерекшелік, аудиторияны тану және кәсіби орындаушылық мәдениетті біріктірген түрлі жанрдағы жарқын, өзінше бірегей әртістер", - делінген MTV телеарнасының хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?