Иманбек екінші рет Grammy алуға бармақшы

Grammy иегері Иманбек Зейкенов Моргенштернмен бірлесіп жазған тректің аңдатпасын жариялады.

Алматы, NEGE. Қазақстандық диджей, ресейлік музыкант және америкалық хип-хоп орындаушысы Fetty Wap бірлесіп жазған композицияның толық нсұқасы 30 сәуірде жарияланады.

Бұл туралы Иманбек Instagram парақшасында «Бір жолы америкос, қазақ және еврей бас қосыпты...» деген әзіл аралас жазба қалдырды.

Ресейлік музыкант Morgenstern де Instagram парақшасында аталмыш тректен үзінді жариялады.

«Иманбек, бір аптадан кейін екінші Grammy-ді алуға барамыз», - деп жазды ол.

Бұған дейін Иманбек Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірлескен жаңа сингл шығарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?