Иляев көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ғ.Иляев көшесі – көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып саналады.

Шымкент,  NEGE. Қазіргі уақытта Сасбұқаев көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаға сәйкес, аумаққа асфальт-бетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тас төсеу қаралған.

Сонымен қатар, көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы және Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін 1,5 метрлік веложол салу жоспарланған.

Ғ.Иляев көшесінің құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке – А» ЖШС тарапынан атқарылуда. Техникалық қадағалаушы – «Tech Build» ЖШС-гі.

Қаламыздың әрбір бөлігін, кезегімен "қолайлы" дәрежеге жеткізу мақсатындағы жұмыстарымыз жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады