Илья Ильин астаналық кәсіпкерге үйленді

Қазақстандық белгілі ауыр атлет Илья Ильин үйленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Спортшының сүйіктісі – астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко. Олар некесін 12 қаңтар Астанада қиған.

"Махаббат, шексіз бақыт пен ең мықты ер азаматқа "иә", - дедім деп жазыпты спортшының жұбайы әлеуметтік желіде.

Ильин екінші рет үйленіп отыр. 2017 жылы ол гандболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Наталья Кулаковамен ажырасты. Араларында Милана атты қыздары бар.