Илья Ильин – чемпион
«Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан 6-шы Халықаралық чемпионатта алтын медаль жеңіп алды», – деп хабарлады Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
102 келіге дейінгі салмақта Ильин 355 келі (160 195) нәтижесімен үздік атанды. Екінші орында – Катар өкілі Фарес Ельбах, жалпы нәтижесі 353 келі (159 194). Үшінші орынды Өзбекстан өкілі Умарбек Шохназаров (341 келі - 155 186) иеленген.
Бұған дейін Қазақстан құрамасына алғашқы «алтынды» 286 келі (130 156) салмақ нәтижесімен 61 келілік ауыр атлет Игорь Сон жеңіп алған.
Токио Олимпиадасының қарсаңында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 47 елінің спортшылары қатысуда.