Илон Масктың спутниктері құлап жатыр

SpaceX ғарыш компаниясының Starlink интернет-спутниктері Пуэрто-Рикодағы Кариб теңізі астрономдары қоғамына тиесілі камераға түсіп қалды, - деп хабарлайды Space.

Астана. NEGE. Бір күн бұрын магниттік дауыл салдарынан компания 49 Starlink интернет-спутнигінің 40-қа жуығын жоғалтқан болатын. Құрылғылар табиғи құбылыс әсерінен істен шыққан.

3 минуттық видеода екі түрлі жарық көрсетілген. Олардың арасы шамамен 1 минут. Нидерландының спутниктерді бақылау жөніндегі маманы Марко Лангбрук бұл бір спутниктің екі бөлігі немесе бір орбиталық жазықтықтағы екі бөлек ғарыш кемесі болуы мүмкін екенін түсіндірді.

"Бір дәлел - орбиталық жазықтық Пуэрто-Рико үстінде және қозғалыс бағыты (SW-NE) сәйкес келеді", - деп жазды Лангбрук видеоны талдай отырып.

Оның айтуынша, құлаған сынықтар Starlink спутниктеріне тиесілі: спутниктердің Пуэрто-Рико үстінен ұшып өту уақыты сынықтардың видеоға түсіп қалған уақытымен сәйкес келді.