Илон Масктың ғарыш кемесі жерге келді

Илон Масктің Crew Dragon атты ғарыш кемесі астронавтармен бірге Мексика шығанағына келіп қонды.

Алматы, NEGE. Crew Dragon кемесінің 2 тамыз сағат 05:34 кезіндегі халықаралық ғарыш стансасынан ажырап, Жерге оралу сәтінің тікелей трансляциясы NASA мен Илон Маск компаниясының ресми сайтында көрсетілді. Бортта NASA ғарышкерлері Даглас Херли мен Роберт Бенкен.

Crew Dragon кемесінің халықаралық ғарыш стансасынан жерге дейінгі сапары 19 сағатқа созылды. Бүгін алдын ала белгіленген мерзім - Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:48 кезінде кеме су бетіне келіп қонды.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді