Илон Масктің бесінші әуе кемесі ғарышқа ұшты

Сәрсенбі күні Канаверал мүйісінен Халықаралық ғарыш станциясына SpaceX-тің бесінші экспедициясы ұшырылды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Алматы, NEGE. Экипаж құрамында NASA астронавтары Николь Манн мен Джош Касада, жапондық Коичи Ваката және ресейлік Анна Кикина бар. ХҒС-қа қондыру бейсенбі күні кешке жүргізілуі тиіс. Бесінші экипаж ХҒС-та жарты жыл уақытқа қалады, ал құрамында Чел Линдгрен, Роберт Хайнс, Джессика Уоткинс және итальяндық Саманта Кристофоретти бар төртінші экипаж Жерге оралады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті