Илон Маскты сотқа берген кім?
Бүгінде Илон Маскты көпшілік «болашақтың адамы» деп атайды. Өз ортасында ерекшеленіп жүретін миллиардердің айтқан сөзі де тым салмақты. Өйткені оны сот залына сөйреген «қылмысы» әлдекімге қарата айтылған сөз.
АҚШ-тағы Лос-Анджелес қаласының соты Илон Маскты соттап жатыр. Танымал миллиардер Таиландт үңгірінде су астында қалған балаларды құтқарған ұлыбританиялық дайвер Вернон Ансуортқа жала жапты деп айыпталған. Арызданушының сөзінше, кәсіпкер оны педофил деп атапты-мыс. Ал Маск мен мұндай демедім деп ақталып отыр. SpaceX басшысының адвокаты Алекс Спайро «нақты бір дерек туралы емес, тек тіл тигізу» екенін түсіндірді. Қарсы тарап танымал тұлғаның сөзінде салмақ барын негізге алып, абыройыма нұқсан келді деп отыр.
Әңгіме басы өткен жылы Тайландта болған төтенше жағдайдан бастау алады. Вернон Ансуорт 12 бала мен жаттықтырушыны құтқару операциясына қатысқан. Ол балалардың қайда екенін тауып, команда жасақтап, құтқарған.
Маск және SpaceX компаниясы Таиландқа дайверлерге көмек ретінде өздері жасаған кішігірім суасты қайығын жіберген. Ансуорт сұхбат беру кезінде құрылғыны қолдану мүмкін еместігін айтып, бұл Масктың PR-трюгі екенін және «суасты кемесін бір жеріне тығып қоюын» айтқан-ды.
Осыдан кейін от тұтанып, Маск бірнеше рет дайверді педофил және балалар зорлықшысы деп атаған. Журналистерге жіберген хатында ол Ансуорттың Таиландта кәмелетке толмаған қызға үйлену үшін әдейі қалғанын айтқан. Кейіннен Маск сынға қалып, Twitter-де жазған жазбалаларын өшіріп, эмоцияға берілгенін айтқан.
Алайда Ансуорт оны сотқа беріп, өзі туралы айтылған сөздерді жоққа шығаруын талап етіп, моральдық шығын ретінде 75 мың доллар сұраған.