Илон Маскты кім ренжітті?

Кәсіпкер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск Twitter-парақшасын уақытша қолданбайтынын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады.

Алматы, NEGE. «Twitter-ден біраз уақытқа шығамын», – деді кәсіпкер парақшасында.

Маск бұл шешімінің және Twitter-ді пайдаланудан бас тартуының себебін түсіндірмеді.

Айта кетейік, Илон Маск – әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі. Жиі хабарлама қалдырып, тіпті оқырмандарына жауапта береді. Ақтау тұрғынының Tesla-ны түсірген видеосын да Twitter арқылы бағалаған болатын.