Илон Маск Tеsla-ның Қазақстанға ресми түрде келетінін жариялады
Америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне Tesla ресми түрде келгенін айтты.
Алматы, NEGE. "Біз жақында Ресейде боламыз, ал Tesla Ресейге ресми барады. Бұл керемет болар еді. Сондай-ақ, Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңінен қарау керек", - деді Маск ресейлік "Новое знание" марафонында бейне байланыс арқылы.
Сонымен қатар, ол Tesla Ресейді электромобиль шығаратын зауыттардың ықтимал орны ретінде қарастыратынын айтты.
Бұған дейін Tesla Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін екені хабарланған болатын. Tesla ресми сайтындағы картаға сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасады.