Илон Маск бір күнде 8,8 млрд доллардан неге айырылды?
Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск бір күнде қанша табысынан айырылды?
Алматы, NEGE. Tesla акцияларының әрбір қағазы $695-тен $650-ге дейін құлады. Forbes мәліметінше, осыған байланысты Tesla-ның негізін қалаушы Илон Масктің қалтасы $144,7 млрд-қа жұқарған, деп жазады eadaily.com. Tesla акцияларының жаппай сатылымы S&P 500 индексіне қосылған алғашқы күні-ақ басталған. 21 желтоқсандағы сауда күнінің қорытындысы бойынша Маск байлығының 5,75 процентінен, яғни $8,8 млрд-тан айырылған. Қазір оның жинағы $144,7 млрд деп бағаланып отыр. Соның өзінде ол Билл Гейтс пен Еуропадағы ең бай адам саналатын Бернар Арноны басып озып үшінші орынға тұрақтады.