Илон Маск 5,5 млрд долларынан айрылды

Әйгілі SpaceX компаниясының негізін қалаушы әрі Tesla қожайыны Илон Маск бір апта ішінде 5,5 млрд долларынан айрылып қалды. Коронавирус дүрбелеңі оның дәулетін 18 пайызға азайтқан.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Forbes агенттігіне сілтеме жасап rbc хабарлады.

Соңғы бір апта ішінде Tesla акциясы 22 пайызға құлдырап, нәтижесінде Маск 5,5 млрд долларынынан айрылған. Қазір байлығы 31,1 млрд деп есептелетін Маск Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімінде 26 орында тұр.

Қаңтар айының соңында Илон Масктың Қытайдағы автокөлік және аккумулятор шығаратын үш зауыты уақытша жұмысын тоқтатқан. Сол тұста Маск «Коронавирустан қорқып, дүрбелеңге еру - ақымақтық» деген еді.

Бүгін, 15 наурыз күні ол SpaceX жұмысшыларына хат жолдап, қоластындағылардың коронавирус жұқтыру мүмкіндігінің тым төмен екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол адамдардың вирустан емес, жол апатынан қаза болу ықтималдығы әлдеқайда жоғары екенін ескерткен. Ол: «АҚШ-та коронавирустан көз жұмған 36 адам мен жол апатынан қайтыс болған 26 мың адамды қалай салыстыруға болады?» дейді.

Дегенмен Маск жұмысшылар өздерін нашар сезінген жағдайда жұмысқа келмегендері жөн болатын айтқан. 

Қазір оқып жатыр

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО