Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды
Америкалық кәсіпкер Илон Маск тарихта байлығы 1 триллион доллардан асқан алғашқы кәсіпкер атанды.
Астана, NEGE. Бұған SpaceX компаниясының рекордтық IPO өткізуі септігін тигізді, деп хабарлайды Reuters.
Компания бір акцияның бағасын 135 доллар деңгейінде белгілеп, 75 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл – АҚШ тарихындағы ең ірі IPO болды. Нәтижесінде SpaceX компаниясының нарықтық құны 1,77 триллион долларға бағаланып, әлемдегі ең қымбат компаниялардың қатарына енді.
Forbes пен Reuters бағалауынша, акцияларды орналастыруға дейін Масктың байлығы шамамен 780 миллиард доллар болған. IPO-дан кейін оның SpaceX-тегі үлесінің құны шамамен 866 миллиард долларға дейін өсті. Ал Tesla және басқа компаниялардағы активтерін қоса есептегенде, оның жалпы байлығы 1,1 триллион доллардан асты.
Осылайша, Маск әлемдегі өзге миллиардерлерден едәуір алға шықты. Ал одан кейінгі ең бай адамдардың дәулеті шамамен 300-400 миллиард доллар көлемінде деп бағаланып отыр.