Илон Маск тағы да жер бетіндегі ең бай адам атанды

Америкалық миллиардер, X әлеуметтік желісінің иесі, SpaceX және Tesla компанияларының бас директоры Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.

Caravan.kz

Алматы, NEGE. Шетелдік БАҚ мәліметінше, 22 қараша күні Илон Масктың таза байлығы 347,8 миллиард долларға жетті. Бұл нәтиже Tesla акцияларының ішінара үздіксіз өсуіне байланысты. Сондай-ақ Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі бизнесменді саяси алаңға алып келді.

Маск алдыңғы рекордын 2021 жылдың қарашасында орнатқан. Ол кезде оның байлығы – 340,4 миллиард доллар болған.

Ал екінші орынды 219 миллиард доллармен Джефф Безос иеленді.

Қазір оқып жатыр

Депутат: ҰБТ-дағы өзгерістер оқушыларға қосымша стресс әкелуі мүмкін

Қазақстан мұнайы Германияға басқа бағытпен тасымалданады – Новак

Атырауда жаңа полиция басшысы тағайындалды

Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады