14 сентября 2025 г. 18:45

Илон Маск компаниясында 500 қызметкер қысқартуға ұшырады

Фото: leadrpro.com

Миллиардер Илон Маск негізін қалаған xAI компаниясында ауқымды құрылымдық өзгерістер болып, жүздеген қызметкер жұмыстан босатылды, деп хабарлады Business Insider. 

Алматы, NEGE. Grok атты жасанды интеллект моделін оқытумен айналысқан бөлімде 500 қызметкер қысқартуға ұшыраған. Олар негізінен деректерді құрылымдау және санаттарға бөлу бойынша жұмыс істеген мамандар.

Бұл өзгерістер компанияның стратегиясын қайта қарауымен байланысты. Енді xAI бұрынғыдай әмбебап мамандардың орнына тар бағыттағы сарапшылар тобын қалыптастыруды көздеп отыр.

Сонымен қатар, компания жасанды интеллектті оқытумен айналысатын команданың санын он есеге арттыру жоспарын жариялады.

Жаңа лауазымға тағайындау алдында қызметкерлерден табиғи ғылымдар, бағдарламалау, қаржы, медицина, сондай-ақ чат-боттардың мінез-құлқы мен қауіпсіздігін бағалау сынды бағыттарды қамтитын тестілеуден өтуді талап етпек.

xAI — 2023 жылы Илона Маск негізін қалаған, жасанды интеллектке арналған ақпараттық инфрақұрылым құрумен айналысатын компания. Ол қазіргі таңда Grok генеративті чат-ботын әзірлеп жатыр.