Илон Маск адам миына көру қабілетін қалпына келтіретін чип орнатпақ

Илон Масктың Neuralink компаниясы алдағы жылы зағип адамға толығымен көру қабілетін қайтаруға көмектесетін алғашқы чипті миға енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Fox News хабарлады.

overclockers.ru

Алматы, NEGE. Илон Маск Blindsight деп аталатын гаджет мидың көру қыртысымен тікелей байланыстырылатынын атап өтті. Компания бұл іс алдағы 12 айда ілгері жүрді деп күтуде.

Масктың айтуынша, Neuralink-те тағы бірнеше дамытып жатқан жобалар бар. Мысалы, болашақта компания омыртқаның зақымдануы бар науқастарға жүру мүмкіндігін қалпына келтіруге көмектеспек.Илон Маск

Сәуір айының соңында Илон Маск алдағы бес жыл ішінде робот хирургтар адамдардың орнын баса алатынын жеткізді. Кәсіпкердің айтуынша, оның Neuralink компаниясы адам миының тіндеріне электродтарды енгізу үшін робот-хирургті қолданған.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті