Ильфат Абдулин садақ атудан Токио Олимпиадасын аяқтады

Бүгін, 31 шілде күні Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасында жекелей сынның 1/8 финалы өтті. Қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин аталған бәсекеде қарсыласына жол берді.

Алматы,  NEGE.  Ильфат Абдуллин жарыстың 1/8 финалында қытайлық Ли Джуа Лунмен бәсекеге түсті. Тартысты кездесу негізгі сетте тең 5:5 есебімен аяқталды. Кездесу жеңімпазын анықтау мақсатында берілген соңғы мүмкіндікте қытайлық қарсыласы 10, отандасымыз Ильфат 8 ұпайды көздеді. Нәтижесінде, жарыс 6:5 есебімен аяқталып, Ильфат Абдуллин келесі айналымға өте алмады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты