Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

Іле-Балқаш резерватындағы табиғи өрт сөндірілді, деп хабарлады ТЖМ.

Алматы, NEGE. 9 шілдеде сағат 18.10-да өрт оқшауланып, 10 шілдеде сағат 11-24-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті «Іле-Балқаш» МТР» РММ және Алматы облысы ТЖД 26 адамы және 13 бірлік техникасы, оның ішінде мотопомпаларын, жүзу құралдарын пайдалана отырып сөндірді.