Іле Алатауында қар көшкіні бола ма?

Жыл сайын осы мезгілде күн жылып, таудағы қар ери бастайды.

Алматы, NEGE. «Қазселденқорғау» мекемесі жалпы ахуалды Қазақстанның география және су қауіпсіздігі институтының ғалымдарымен бірге көріп қайтты. Өткен жылдан бері ғылыми-зерттеу институты көшкін туралы ақпарат беретін бюллетень шығара бастады. Іле Алатауындағы қар көшкіні наурыз айының аяғына дейін жүруі ықтимал. Таудың биік сілемдері мен шың-құздарындағы қардың қалыңдығын, көшкін болу қаупін тек тікұшақпен ғана көруге болады. «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары мен География институтының ғалымдары 4 сағатқа жуық уақыт Қаскелең мен Түрген өзені аралығындағы аумақты шарлады. Осы аралықта шаңғы тебетін кешендер, туристік нысандар мен елді мекендер жиі шоғырланған.

 Қазір таудағы қардың қалыңдың 40 пен 70 см аралығында. Бұл жылдағы қалыпты жағдай саналғанымен, көшкін кез келген сәтте болады. Бұл орайда Қазақстанның География ғылыми-зерттеу институты қар көшкіні бюллетенін шығаруды қолға алды. Швейцариялық тәжірибеге сүйеніп жасалған бюллетеньде адам жиі баратын жерлердегі қар көшкіні туралы ақпарат көрсетіледі.

Биыл «Қазселденқорғау» мекемесі 46 рет профилактикалық қар көшкінін жасады. Десе де, ақпан айының басында тауда 31 рет көшкін жүрді. Бірақ солардың барлығы елді мекендерден алыс, қауіпсіз аймақтарда болды. Жалпы күн сайын таудағы гидрометеорологиялық ахуал 59 стационарлық бекет арқылы бақыланады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды