ІІ-тоқсан: Мектепте білім алудың ережесі өзгерді
Бүгіннен бастап Алматының мектептерінде 5-сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылды.
Алматы, NEGE. Алайда өтініш білдірген оқушылардың бәрі бірдей мектепке бара алмайды. Кезекші сыныпқа барудың өз талабы бар, деп хабарлайды "Хабар-24".
- Жалпы, кезекші сыныптарға балаларды қабылдау алдында жалпы ата-аналар өтініш білдіреді. Созылмалы ауруы бар балаларды қабылдауға рұқсат етілмейді. Кезекші сыныптарда білім алу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жүзеге асырылады. Алматы қаласы бойынша қыркүйек айынан бастап Көлсай және Сұлусай шағын аудандарында орналасқан №194 және №197 мектептерде сабақ штаттық жағдайда басталды. Енді ІІ-тоқсаннан бастап қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша төрт мектепте сабақ қалыпты жағдайда басталады. Бала саны 300-ге толмаған мектептерге рұқсат етілді, - дейді Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.
Жалпы, қала бойынша мектептерде 1597 кезекші сыныптар ашылған, оларда 20 мыңнан астам бала білім алып жатыр.