ІІМ-де халықпен жұмыс істеудің жаңа форматы енгізілді
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Азаматтардың сенім деңгейін арттыру мақсатында халықпен жұмыстың жаңа форматы енгізілді. Қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде ХҚКО қағидаты бойынша 240 «Азаматтарды қабылдау» құрылған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша осындай қабылдау бөлмелерінде 150 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілді, онда олар өз сұрақтарын «бірінші межеде» шешу мүмкіндігіне ие болды. Осындай жағдайлар барлық полиция бөлімшелерінде кезең-кезеңмен құрылатын болады.
«ІІО ұсынған мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру 83,3 пайызға жетті. Сондай – ақ, апта сайын ІІМ мен ПД басшылығы азаматтарды қабылдау өткізеді, олардың кестесімен кез келген адам ведомстволық сайттарда және әлеуметтік желілерде таныса алады», – деді министр.
«Жол бойындағы қабылдау» ай сайынғы кең ауқымды акциясын өткізу тәжірибеге енгізілді. Адамдар өз мәселелерін формалды емес жағдайда жедел шешуге, полиция жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік алды. Өткен жылы 162 мыңнан астам азамат қабылданды. «IMAS» ақпараттық кеңістігінің автоматтандырылған мониторингтік жүйесі енгізілді, ол арқылы 8,5 миллионға жуық жарияланым өңделді. Бұл тәулігіне 24 мыңға жуық басылым. Мониторинг барысында есірткі заттарын сатумен айналысатын 2 форум және 22 интернет-дүкен анықталды.
«Нақты уақыт тәртібінде жұмысымыздың бағасын қадағалаймыз: полиция қызметі туралы шамамен 85 мың оң және 27 мыңнан астам сыни хабарламалар анықталды», – деп атап өтті ІІМ басшысы.
Бұдан басқа ішкі істер органдарының басшылары мен учаскелік инспекторлар тұрғындармен үнемі есеп беру кездесулерін өткізеді.
Министр бүгінгі күні ІІМ басшысының виртуалды қабылдауы жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.