18 октября 2022 г. 15:17

ІІМ жол ережесін бұзғандарға айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу жүйесін алып тастауды ұсынды

Фото:

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін автокөлік жүргізушілерін де, жаяу жүргіншілерді де қатаңдату шаралары туралы айтты.

Алматы, NEGE. ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі қатаңдату бөлігінде биыл ғана Әкімшілік кодекстің сегіз бабына өзгерістер енгізілгенін айтты.

- Баптарды қатаңдаттық. Бұл, ең алдымен, жалған нөмірмен, нөмірсіз көлік жүргізуге, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелетін жағдайларға арналған. Алдағы уақытта, мәселен, жүргізуші бір жыл ішінде жол ережесін бес реттен артық бұзса, 50 пайыздық жеңілдіктен алып тастаймыз. Себебі ол ережені бұза береді, ал біз оған айыппұл саламыз. Бұл оны тәртіпке салмайды, керісінше, жол ережесін бұзуды жалғастырады, - деді Жандос Мұраталиев.

Тегтер: