ІІМ басшысы: Заңсыз айналымда көптеген қару бар
Заңсыз айналымда көптеген қару бар. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Заңсыз айналымдағы қаруды алып қою бойынша барлық шаралар қабылданды. “Қару” арнайы республикалық операциясы жалғасуда. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1 215 бірлік қару мен 22 мың оқ-дәрі қайтарылды. Сонымен қатар, азаматтар ерікті түрде қылмыстық жауапкершіліктен босату шартымен 120 қару тапсырды.