III Карл Ұлыбритания халқына алғашқы үндеуін жолдады

Жаңа патша үндеуін жақында дүниеден өткен анасы II Елизавета патшайымды еске алудан бастап, оның лайықты өмір сүргенін атап өтті. Ол өмірінің соңына дейін Ұлыбритания халқына адал қызмет етуге, Конституциялық қағидаларды қорғауға уәде берді, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Ұлыбритания королі үлкен ұлы Уильямды Уэльс ханзадасы деп жариялады. Мұндай атақ тақ мұрагеріне беріледі. Уильямның әйелі Кэтрин Уэльс ханшайымы атағын алады.

III Карл кіші ұлы ханзада Гарри мен оның жары Меган Марклге өз сүйіспеншілігін білдіріп, олар шетелде тұруын жалғастырады деп атап өтті.

Ұлыбритания патшасы үндеуін II Елизавета патшайымға арнаған сөздерімен аяқтады.

Айта кетейік, II Елизавета патшайым 8 қыркүйекте қайтыс болды. Ұлыбританияда жалпыұлттық аза тұту күні өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті