17 августа 2025 г. 15:27
III Карл патшаның жағдайы күрт нашарлады – БАҚ
Соңғы айларда онкологиялық аурумен күресіп жүрген Ұлыбритания патшасының денсаулығы қатты нашарлады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Radar Online порталы сенімді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Ұлыбритания монархының өзінің резиденциясы Норфолкт аумағында жүріп-тұруы қиындаған. Ауырсынуды жеңілдету үшін ол алкоголь қабылдайды.
Ұлыбритания королі III Карл қатерлі ісіктен емделіп жүрген уақытта жұмыс кестесі тығыз болып, қатты шаршаған. Бұл туралы шілде айында оның жақындары хабарлаған еді.