ІІ тоқсанда оқушылар мектепке бара ма?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәстүрлі білім беру форматына оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, шешім күнделікті анықталып жатқан жағдай санына байланысты болады.

ІІ тоқсан басталғанша әлі уақыт бар, тағы екі апта өтсін, қанша жағдай тіркелгенін көреміз, балалар арасында аурудың жиілігі қандай, соның бәрін біз комиссияға ұсынамыз. Бұл мәселе шешімі күніне қанша жағдай анықталғанына байланысты болады, - деді Цой Sputnik Қазақстанға.

Министр бұған дейін балалардың І тоқсан аяқталғанша сабақты қашықтан оқитынын атап өткен болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты