ІІ Елизаветаның немересі миллиардер атанды

Британдық ханзада Уильям миллиардер атанды. Өйткені әжесі Елизавета Екіншінің қазасынан кейін әйелі екеуі жаңа лауазымдарға ие болды, деп хабарлайды "Хабар-24".

Алматы, NEGE. Сонымен қоса иелігіндегі жер көбейген. Өткен аптада оның дүние-мүлкі 34 миллион стерлинг фунтына бағаланса, қазір бір миллиардтан асып кеткен. Айта кеткен жөн, Елизавета Екінші 19 қыркүйекте жерленеді.

Келесі дүйсенбі Ұлыбританияда ұлттық демалыс деп жарияланды. Мұнда мектептер мен мәдени мекемелер жабық болады. Дегенмен, ауруханалар мен сот жұмыс істей береді. Жерлеу рәсімі Вестминстердегі шіркеуде өтеді. Оған әлем елдерінің басшылары, жоғары лауазымды британдық шенеуніктер мен бұрынғы премьер-министрлер шақырылған.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті